LAND ROVER ЖОЛДАҒЫ КӨМЕК БАҒДАРЛАМАСЫ*
Land Rover жолдағы көмек бағдарламасы тіпті автокөлігіңіз қандай да бір себепке байланысты тоқтап қалса да, жол үстінде толық тыныштықты кепілдендіреді. Шинаның тесілуі, бұзылу немесе апат — қандай жағдай болса да, біз көмекке келеміз. Бағдарлама Land Rover автокөлігіңіздің стандартты және кеңейтілген кепілдігінің бүкіл мерзімінің барысында әрекет етеді. Тәжірибелі және елгезек қызметкерлер жұмыс істейтін Land Rover жолдағы көмек ақпарат орталығы жылына 365 күн тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді.
* Әртүрлі нарықтардағы шарттар әртүрлі болуы мүмкін, толық ақпарат алу үшін өз дилеріңізге хабарласыңыз.