RANGE ROVER EVOQUE

ӨЗІН КӨРСЕТЕТІН УАҚЫТ. ЕНДІ PLUG-IN HYBRID НҰСҚАСЫНДА ДА БАР

COMBINED CO2 EMISSIONS g/km
TBC

FUEL ECONOMY Combined l/100km
TBC

ЭКСТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ

Range Rover Evoque әсерлі және сенімді сызықтары танымал, талғампаз келбет жасайды.

Range Rover Evoque L550 21MY
Көру үшін басыңыз

ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ

Жинақы беттер мен мұқият таңдалған премиум-класс материалдарының палитрасы тамаша атмосфераны құрады.

ИНТЕРЬЕРДІ ОРЫНДАУ ШЕБЕРЛІГІ

ИНТЕРЬЕРДІ ОРЫНДАУ ШЕБЕРЛІГІ

Range Rover Evoque интерьері әрлеуінің әлдеқайда жетілдірілген деңгейі үшін бірқатар заманауи әрлеу материалдары қолжетімді. Олардың барлығы тіпті ең талғампаз клиенттерді қанағаттандыратын жайлылық пен стиль деңгейін қамтамасыз етеді.
БӨЛЕК ШЫНТАҚТАЯНЫШ

БӨЛЕК ШЫНТАҚТАЯНЫШ

Range Rover Evoque элементтерінің барлығы мәнге ие, мысалы, сақтау бөлімі бар орталық консоль және бөлек шынтақтаяныш. Мұның бәрі кеңістікті пайдаланудың ыңғайлылығы мен әмбебаптығын қамтамасыз етеді.
ОРЫНДЫҚТАР

ОРЫНДЫҚТАР

Температураны өз қалауыңыз бойынша реттеуге мүмкіндік беретін жылытылатын және желдетілетін алдыңғы орындықтардың арқасында Range Rover Evoque салонында теңдесі жоқ жайлылықтан ләззат алыңыз.

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Range Rover Evoque қазіргі заманғы қала бойынша жүру үшін толық жабдықталған. Pivi, Apple CarPlay®1 және Android AutoTM2 жүйелері сияқты инновациялық функциялар автокөліктің байланыс мүмкіндіктерін жақсартуға мүмкіндік береді, ал интуитивті түсінікті сенсорлық экран оларды басқаруды жеңілдетеді. Сонымен қатар, сапар барысында Meridian Surround Sound кеңістіктік дыбысталу жүйесі концерт залына барумен салыстыруға болатын сезім береді.
АВТОКӨЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ

АВТОКӨЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ

Күнделікті практикалық пен жолсыз жердегі сенімділіктің үйлесімі. Range Rover Evoque автокөлігі Terrain Response 2 интеллектуалды жүйесімен және әртүрлі беттерде қозғалу кезінде төмен жылдамдықпен жүретін круиз-контрольмен жабдықталған, бұл кез келген ауа-райы жағдайлары мен жер бедерінің өзгерістерін оңай жеңуге мүмкіндік береді.
ӨНІМДІЛІК

ӨНІМДІЛІК

Range Rover Evoque көмегімен жолдағы жағдай толығымен сіздің басқаруыңызда. Күштік агрегаттардың кең ассортиментінен өзіңізге керегін таңдаңыз — жолда сенімділікті сезінгіңіз келе ме, әлде жанармай үнемдегіңіз келе ме. Сонымен қатар, Adaptive Dynamics аспаны бейімді басқару жүйесі автокөлікті толық басқаруға және бақылауға мүмкіндік береді.

МОДЕЛЬДІ ТАҢДАҢЫЗ

Керемет Range Rover Evoque автокөлігіңіз сізді күтеді.

RANGE ROVER EVOQUE

RANGE ROVER EVOQUE

Ұмытылмас купе тәрізді силуэтіне ие және жарықдиодты фаралары бар Range Rover Evoque – көптеген марапаттарға ие автокөліктің лайықты мұрагері. Көзтартарлық көрініс электржетегі мен жылытқышы бар сыртқы артқы көрініс айналары және 10 дюймдік сенсорлық экраны бар Pivi навигациялық жүйесі сияқты практикалық шешімдермен үйлеседі.
RANGE ROVER EVOQUE S

RANGE ROVER EVOQUE S

Range Rover Evoque S автокөлігі жылытқышы, жиналу және реттеу электржетегі, есік маңын жарықтандыру шамдары және жүргізуші жағынан автоматты күңгірттеу функциясы бар сыртқы айналардың арқасында әлдеқайда талғампаз болып, беделін одан әрі күшейтеді. Беткі жағы Ebony түсіндегі Grained былғарысымен әрленген орындықтар және Pivi Pro3 интеллектуалды жүйесі әлі де автокөліктің салонында сәнді тәжірибені қамтамасыз етеді.
RANGE ROVER EVOQUE SE

RANGE ROVER EVOQUE SE

20 дюймдік легірленген доңғалақ дискілері және 10 дюймдік алға шығатын сенсорлық экраны бар Pivi Pro3 интеллектуалды жүйесі бар Range Rover Evoque SE – заманауи стильдің квинтэссенциясы. 11 динамигі бар Meridian аудиожүйесі автокөлік салонында музыканы орындаушылар ойлағандай тыңдауға мүмкіндік береді.
RANGE ROVER EVOQUE R-DYNAMIC S

RANGE ROVER EVOQUE R-DYNAMIC S

Range Rover Evoque R-Dynamic S автокөлігінің ойластырылған жетілдірулеріне бейімделетін круиз-контроль және жылытқышы мен жиналу және реттеу электржетегі бар сыртқы айналар, сондай-ақ есік маңын жарықтандыру шамдары кіреді. 12 параметр бойынша электрлік реттелетін алдыңғы орындықтар, 40:20:40 қатынасында жиналатын артқы орындықтар және орындықтардың алдыңғы жағын Grained былғарысымен әрлеу теңдесі жоқ жайлылық пен стильді қамтамасыз етеді.
RANGE ROVER EVOQUE R-DYNAMIC SE

RANGE ROVER EVOQUE R-DYNAMIC SE

Range Rover Evoque R-Dynamic SE автокөлігінің ойластырылған егжей-тегжейлеріне назар аударыңыз, мысалы, күндізгі жүріс шамдарымен жиектелген премиум кластағы жарықдиодты бас фаралар, жүргізуші параметрлерін есте сақтау функциясы бар орындықтар және 19 дюймдік легірленген доңғалақ дискілері. Сонымен қатар, Driver Assist опциялар пакеті мен әмбебап виртуалды аспаптар тақтасының арқасында сіз рульде өзіңізді сенімді сезінесіз.
RANGE ROVER EVOQUE R-DYNAMIC HSE

RANGE ROVER EVOQUE R-DYNAMIC HSE

Матрицалық жарықдиодты фаралары және Diamond Turned әрлеуі бар 20 дюймдік доңғалақ дискілері бар Range Rover Evoque R-Dynamic HSE көз тартады. Meridian аудиожүйесіMeridianТМ кинотеатрына барасыз, сүйікті музыкаңызды тыңдау кезінде демалуға көмектеседі, ал Driver Assist опциялар пакетіне кіретін интеллектуалды жүйелер сапар кезінде стрессті азайтады.
RANGE ROVER EVOQUE BRONZE COLLECTION

RANGE ROVER EVOQUE BRONZE COLLECTION

Range Rover Evoque Bronze Collection – талғампаздықтың көрінісі. Бұл нұсқа Carpathian Gray, Santorini Black немесе Seoul Pearl Silver түстерінде бар және Corinthian Bronze түсіндегі бірегей контрастылы төбесімен, Satin Dark Grey әрлеуі бар 20 дюймдік доңғалақ дискілерімен, сондай-ақ табалдырықтардың жарықтандырылған және Range Rover жазуы бар жапсырмаларымен ерекшеленеді.
RANGE ROVER EVOQUE HST

RANGE ROVER EVOQUE HST

Range Rover Evoque HST – спорттық ықшам SUV. Оның жолдағы сымбатты сипатын қуатты P300 қозғалтқышы және жылжымалы панорамалық төбе мен Black Exterior Pack экстерьер әрлеуінің пакеті сияқты ерекшеліктер айқындайды. Қызыл тежегіш суппорттары бар 20 дюймдік қара жылтыр доңғалақ дискілері қатты әсер қалдырады.
RANGE ROVER EVOQUE AUTOBIOGRAPHY

RANGE ROVER EVOQUE AUTOBIOGRAPHY

R-Dynamic HSE жинақтамасы негізінде жасалған Range Rover Vogue Autobiography автокөлігі Burnished Copper әрлеуі бар 21 дюймдік доңғалақ дискілерімен, сондай-ақ қара түсті бамперлерімен, табалдырықтарымен және молдингілерімен ерекшеленеді. Windsor перфорацияланған былғарысымен әрленген орындықтары мен былғары әрлеуінің толық кеңейтілген опциялар пакетінің арқасында сән-салтанат салонның ішінде де сезіледі.

PLUG-IN ГИБРИДТІ НҰСҚАСЫ БАР

Range Rover Evoque Plug-in Hybrid1 автокөлігі 3 цилиндрлі 1,5 литрлік бензиндік қозғалтқышпен, сондай-ақ электр моторымен жабдықталған, бұның арқасында күштік агрегаттың жалпы қуаты 309 а.к. құрайды. Гибридті жетек немесе электромобиль режимінде жүруді таңдаңыз.
PLUG-IN ГИБРИДТІ НҰСҚАСЫ БАР

±Берілген сандар өндірушінің ресми сынақтарының нәтижелері бойынша NEDC стандартына сәйкес есептелген. Қоршаған орта жағдайлары мен жүргізу мәнеріне байланысты мәндерде айырмашылық болуы мүмкін. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін.

1Нарыққа байланысты.

2Сіздің автокөлігіңізде Apple CarPlay жүйесін пайдалануға болады. Apple CarPlay ұсынатын сервистер еліңіздегі функциялардың қолжетімділігіне байланысты, толығырақ ақпаратты мына сайттан қараңыз: https://www.apple.com/me/ios/feature-availability/#apple-carplay.

3Сіздің автокөлігіңізде Android Auto жүйесін пайдалануға болады. Android Auto ұсынатын сервистер еліңіздегі функциялардың қолжетімділігіне байланысты, толығырақ ақпаратты мына сайттан қараңыз: https://www.android.com/auto/.

4Connected Navigation сервисіне жазылымның қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін оны Land Rover ресми дилеріне хабарласып ұзартуға болады.

5Қосымша жылжымалы панорамалық төбені таңдағанда, алдыңғы және артқы жағындағы бас кеңістігі азаяды.

Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және өткізу нарығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функциялар қосымша компоненттерді орнатуды қажет етеді. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн конфигураторды пайдаланыңыз.

Жүргізушінің мультимедиялық функцияларды қолдануы бұл қауіпсіз болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Жүргізушілер автокөлікті әрдайым толық басқаруы керек.

Pivi және InControl функциялары, опциялар, бөгде жеткізушілер ұсынатын қызметтер және олардың қолжетімділігі нарыққа байланысты – Land Rover дилерінен жергілікті нарықтағы қолжетімділік пен барлық шарттарды біліңіз. Кейбір функциялар сәйкес келетін деректерді беру келісімшарты бар тиісті SIM картасын талап етеді, бұл дилеріңіз ұсынған бастапқы кезеңнен кейін қосымша жазылуды қажет етеді. Мобильді желінің барлық жерде қамтылуына кепілдік берілмейді. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экран дизайны мен әрекеттер дәйектілігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды параметрлерге байланысты өзгертілуі мүмкін. Amazon, Alexa және олармен байланысты барлық логотиптер Amazon.com, Inc. немесе оның еншілес компанияларының тауар белгілері болып табылады. Alexa ассистентінің кейбір функциялары ақылды үй технологиясына байланысты. Amazon Alexa ассистентін пайдалану үшін Amazon есептік жазбасы қажет.

Apple CarPlay – Apple Inc компаниясының сауда белгісі. Apple Inc компаниясының түпкі пайдаланушы шарттары қолданылуы мүмкін.

Android Auto – Google LLC компаниясының сауда белгісі.

Meridian – Meridian Audio Ltd. Trifield компаниясының тіркелген сауда белгісі, ал Three fields құрылғысы – Trifield Productions Ltd компаниясының тіркелген сауда белгісі.