Бұл https://www.landrover-maroc.com сайтты Land Rover компаниясы басқарады.
Заңды мекенжайы: Abbey Road, Whitley, Coventry, CV3 4LF, UK.
Англияда мына нөмірмен тіркелген: 1672070.
Land Rover компаниясы осы сайтта берілген ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін бар күшін салады.
Land Rover автокөліктерінің сипаттамалары, құрылымы және өндірісі үнемі жетілдіріліп отырады және құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізіледі. Біз өнімдер мен техникалық сипаттамалар туралы ең өзекті ақпаратты қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салғанымызбен, бұл сайтты Land Rover компаниясының өнімдері мен қызметтері туралы ақпараттың мінсіз көзі ретінде қарастыруға болмайды, сонымен қатар ол автокөліктердің нақты модельдерін сатуға арналған ресми ұсыныстарын қамтымайды. Дистрибьюторлар мен дилерлер Land Rover компаниясының агенттері болып табылмайды және оны тікелей немесе болжалды міндеттемелермен немесе мәлімдемелермен байланыстыруға құқылы емес. Бұл сайтта автокөліктердің жылдамдығын немесе динамикалық сипаттамаларын атап өту ешқандай жағдайда апаттық қауіпті жүргізуді немесе ұлттық жол қозғалысы ережелерінде белгіленген жылдамдық шектеулерінен асып кетуді ынталандыру ретінде қарастырылмауы тиіс.
Барлық отын шығыны көрсеткіштері 93/116/EC директивасына сәйкес келеді. Олар пайдаланылған газдар шығарындыларын ресми жіктеу үшін қолданылатын бірдей сынақтар циклін пайдалана отырып, есептелді. Оларды тұрақты жылдамдық/қалалық қозғалыс үшін алдыңғы көрсеткіштермен салыстыруға болмайды және олар жолдағы нақты отын шығынын жақсырақ көрсетеді. Автокөлікті қалыпты жағдайда пайдаланған кезде отынның нақты шығыны көлік жүргізу техникасына, жол және көлік жағдайларына, қоршаған орта факторларына және автокөліктің жағдайына байланысты сынақ процедурасынан алынған көрсеткіштен өзгеше болуы мүмкін. Кез келген күмәндеріңіз туындаса, дилерге хабарласыңыз.
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
Осы сайтқа және оның мазмұнына барлық құқықтар, соның ішінде авторлық құқықтар мен дерекқорға меншік құқығы Land Rover компаниясына тиесілі немесе оған лицензия бойынша берілген немесе ол қолданыстағы заңнамада немесе авторлық құқық иесінде көзделген өзге де негіздерде пайдаланады. Land Rover компаниясының немесе авторлық құқық иелерінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық немесе жеке пайдалану мақсатында мәтінді, суреттерді, графиканы, логотиптерді, түймелерді, пиктограммаларды, суреттерді және олардың үйлесуін не бастапқы кодтар мен бағдарламаларды көшіруге, басып шығаруға, жариялауға, таратуға немесе біреуге беруге рұқсат етілмейді.
Жеке коммерциялық емес пайдалануды қоспағанда, осы веб-сайтта қамтылған материалдарды немесе ақпаратты бейімдеуге, өзгертуге немесе жаңғыртуға, сондай-ақ кез келген мақсаттарда пайдалануға рұқсат етілмейді. Сіз бұл веб-сайтты тек заңды мақсаттар үшін пайдалануға келісесіз.
Land Rover компаниясы осы веб-сайтқа берілген кез келген материалдарды, соның ішінде мәтіндер мен суреттерді осы веб-сайтта, сондайы-ақ, жарнаманы қоса алғанда, басқа нысанда да өз пайдасына пайдалану құқығын өзіне қалдырады. Land Rover компаниясы осы веб-сайтқа берілген материалдарды бақылау, сондай-ақ оларды өзгерту немесе қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ
Біз осы веб-сайтта ұсынылған ақпараттың дәлдігін, толықтығын және өзектілігін қамтамасыз етуге тырысамыз. Осы веб-сайтты пайдалана отырып, сіз веб-сайтқа бірінші рет кірген күннен бастап күшіне енетін оны пайдалану талаптарымен келісесіз.
Сіздің заңды құқықтарыңызға нұқсан келтірместен, веб-сайт және ондағы деректер, мәтіндер, атаулар, суреттер, фотосуреттер, логотиптер, сілтемелер, пиктограммалар және басқа материалдар (шектеусіз) «Болған күйінде» және «Бар болғанда» талаптарында, ешқандай айқын немесе болжалды мәлімдемелерсіз, кепілдіктерсіз немесе растаусыз тікелей беріледі. Атап айтқанда, біз веб-сайтта ұсынылған ақпараттың дәлдігіне немесе толықтығына, сондай-ақ оның жұмысының үздіксіздігі мен қатесіздігіне немесе осы веб-сайтта және оның серверлерінде компьютерлік вирустар мен қателердің болмауына кепілдік бермейміз.
Land Rover компаниясы ешбір жағдайда осы веб-сайтта қамтылған ақпаратты немесе онда ұсынылған өнімдерді пайдалану нәтижесінде келтірілген зиян немесе залал үшін, соның ішінде, шектеусіз, деректерді пайдалануға немесе пайдаланбауға, алынбай қалған пайдаға байланысты, шарттың қолданысынан, немқұрайлылықтан немесе осы веб-сайтты пайдалану нәтижесінде немесе оған байланысты орын алған кез келген құқық бұзушылықтан туындаған талап арызға байланысты жанама немесе кез келген басқа залалдар үшін ешкімнің алдында жауапты болмайды.
Осы талаптар мен ережелердің кез келгеніне қарамастан, біз осы веб-сайттың функционалдығы немесе қолжетімділігі туралы шағымдар бойынша жауап бермейміз.
САУДА БЕЛГІЛЕРІ
Land Rover компаниясын білдіретін барлық атаулар, суреттер мен логотиптер Land Rover компаниясының зияткерлік меншігі болып табылады. Осы сайтта аталған үшінші тұлғаларға тиесілі барлық сауда белгілері, тауарлар, қызметтер мен компаниялардың атаулары олардың тиісті иелерінің тауарлық белгілері, қызмет көрсету белгілері және фирмалық атаулары болып табылады. Land Rover компаниясы, иелерін қоспағанда, оларды ешкімге пайдалануға рұқсат бермейді. Кез келген рұқсатсыз пайдалану олардың иелерінің құқықтарын бұзу ретінде түсіндірілуі мүмкін.
СЫРТҚЫ ДЕРЕККӨЗДЕРГЕ СІЛТЕМЕЛЕР
Land Rover компаниясы сілтемелер арқылы осы веб-сайтқа байланысты үшінші тарап веб-сайттары үшін жауап бермейді, оларды ұсынбайды және оларға қатысты ешқандай кепілдік бермейді. Осы веб-сайттан сілтемелер бойынша өтуге болатын барлық веб-сайттар Land Rover компаниясының бақылауынан тыс және оларға кіру пайдаланушылардың өз тәуекеліне жүзеге асырылады.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛҒА ҚАТЫСТЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ
Осы веб-сайттан жүктелген бағдарламалық құрал өндірістің барлық кезеңдерінде мұқият тексеріліп, сынақтан өткізілді, бірақ кез келген жаңа бағдарламаны пайдалану сияқты, оны іске қосудың алдында антивирустық бағдарламаны пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар, бағдарламалық құралды орнатудың алдында қатты дискідегі ақпараттың резервтік көшіруін жасауды ұсынамыз. Land Rover компаниясы осы бағдарламалық құралды пайдалану нәтижесінде туындауы мүмкін ақпараттық немесе компьютерлік жүйелеріңізде сақталатын деректердің кез келген зақымдануы және (немесе) жоғалуы үшін жауапкершіліктен бас тартады. Желілік компьютерге кез келген бағдарламалық құралды орнатпас бұрын, жүйелік әкімшіге хабарласып, кеңес алыңыз.
ЮРИСДИКЦИЯ
Осы Талаптар мен қағидаларды қолдану және түсіндіру Англия мен Уэльстің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Осы Талаптарға байланысты туындайтын даулар Англия мен Уэльс соттарының айрықша юрисдикциясына бағынады.
Осы Талаптардың қандай да бір қағидасы аумағында осы Талаптар қолданылуы тиіс мемлекеттің заңдары бойынша заңсыз, жарамсыз немесе өзге де түрде қолданылмайтын деп танылған жағдайда, мұндай қағида алынып тасталады және осы Талаптардың мәтінінен жойылады. Барлық басқа қағидалар, соның ішінде пайдалану талаптары заңды күшін сақтайды және орындау үшін міндетті болып қалады.
Егер сіз осы Талаптарды толық көлемде қабылдамасаңыз, осы веб-сайтты пайдалануды дереу тоқтатуыңыз керек.
Copyright © 2022 Jaguar Land Rover Limited