КӨБІРЕК БІЛУ

RANGE ROVER SPORT

<h3>КӨБІРЕК БІЛУ</h3>
<h1>RANGE ROVER SPORT</h1>

БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ ҚУАТ

Range Rover Sport L461 22MY
КӨРУ ҮШІН БАСЫҢЫЗ
Range Rover Sport side view.

ЖИНАҚЫ ДИЗАЙН

Бұралған ішектей түп-түзу шанақ қуат пен күшті танытады, ал әдемі фаралар, радиатор торы мен рельефті төменгі бампер сенімділік пен стильді айшықтап көрсетеді. Артқы шамдардың суреті автокөліктің артқы бөлігін ерекшелеп көрсетеді.

АТЛЕТТІК КЕЛБЕТ

Range Rover Sport-тың айбарлы келбетін оның атлеттік контурлары, мәнерлі пропорциялары мен қысқа құламалары қалыптастырады. 23 дюймдік дөңгелек дискілері әртүрлі жасалу нұсқаларында қолжетімді. Бұл автокөлікті танымай қалу мүмкін емес.

ЭКСКЛЮЗИВТІ ӘРЛЕМЕ

Range Rover Sport Dynamic мәнерлі дизайнымен ерекшеленеді. Satin Burnished Copper әрлеу элементтері, бамперлердің бірегей төменгі бөлігі және Matte Graphite жазуы автокөліктің қуатты және мәнерлі дизайнын күшейтіп тұрады.
STEALTH AND POWER

ЗАМАНАУИ МАТЕРИАЛДАР

Экологиялық тұрғыдан қауіпсіз заманауи сән-салтанат тұжырымдамасын қайта саралай және озық техникалық материалдар, соның ішінде опция ретінде қолжетімді аса жеңіл UltrafabricsТМматериалын ұсына отырып, сапасы мен сипаттамалары бойынша ымырасыз.
КОНФИГУРАТОР

ӨНІМДІЛІКТІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ

ЖАҢА СПОРТТЫҚ КӨШБАСШЫ

SV EDITION ONE өзінің қос турбоайдауышты және 6D Dynamics инновациялық аспасымен бірге «жұмсақ» гибрид технологиясы бар 635 аттың күшін беретін қозғалтқышының керемет қуатымен әсер қалдырады. Аса жеңіл 23 дюймдік карбон дискілер мен көміртекті-керамикалық тежегіш дискілері біздің ең технологиялы Range Rover Sport-ымыздың динамикасының шынайы әлеуетін ашады.

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Жаңа деңгейлі динамика мен жол талғамайтын сипаттардың үйлестігі. Ауқымды техникалық әлеует жолдағы жоғары жауап әрекетін, сондай-ақ жақсартылған басқару мүмкіндігі мен маневрлілікті қамтамасыз етеді.
ДИНАМИКАЛЫҚ ПНЕВМАТИКАЛЫҚ АСПА

ДИНАМИКАЛЫҚ ПНЕВМАТИКАЛЫҚ АСПА

Әрбір Range Rover Sport бұрынғыдан да сезімтал және тыныш басқарылуды қамтамасыз ету үшін навигациялық карталардың және бейімделетін амортизаторлардың көмегімен автокөлікті жолдың тегіс емес жерлеріне алдын ала дайындайтын динамикалық пневматикалық аспамен жабдықталады.
АЙНАЛДЫРУ МОМЕНТІН ДӨҢГЕЛЕККЕ ДИНАМИКАЛЫҚ ҮЛЕСТІРУ ЖҮЙЕСІ

АЙНАЛДЫРУ МОМЕНТІН ДӨҢГЕЛЕККЕ ДИНАМИКАЛЫҚ ҮЛЕСТІРУ ЖҮЙЕСІ

Айналдыру моментін дөңгелекке динамикалық үлестіру жүйесі тіпті ең тік бұрылыстарда да жоғары басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Автокөліктің электронды дифференциалы мен тежеу жүйесі қозғалтқыштың айналдыру моментін барлық дөңгелектің арасында үздіксіз үлестіріп отырады.
ADAPTIVE DYNAMICS АСПАНЫ БЕЙІМДЕЛЕТІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

ADAPTIVE DYNAMICS АСПАНЫ БЕЙІМДЕЛЕТІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Қажетті реакцияны дәл анықтау үшін 100-ден аса параметрді секундына 500 ретке дейін қадағалай отырып, шанақтың қажетсіз қозғалыстарын, мысалы, бұрылыстан өткендегі жантаюын немесе шұғыл тежелген кездегі алдыға-артқа тербелуін азайтады.
DYNAMIC LAUNCH

DYNAMIC LAUNCH

Dynamic Launch жүйесі1 түзу жолмен жылдамдықты үдетудің жақсартылған көрсеткіштері үшін берілістерді ауыстыру алгоритмдерін оңтайландырады және максималды айналдыру сәтін қамтамасыз етеді. Тек Range Rover Sport автокөлігінде.

ЭЛЕКТРЛІ ГИБРИД

Еліктірер сипаттамалар мен тиімділік, сондай-ақ 50 кВт-қа дейінгі тұрақты ток тез зарядтау станцияларында бірегей зарядтау мүмкіндігі бар. 3,0 литрлік алты цилиндрлі Ingenium бензиндік қозғалтқышы (160 кВт) және бірнеше жүріс режимі бар жүріс қоры ұлғайтылған қосылмалы гибрид (PHEV) модификациясындағы Range Rover Sport-ты бір сағаттың ішінде 80 % деңгейге дейін зарядтауға болады.

ЭЛЕКТРЛІ ГИБРИДТІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ

ЭЛЕКТР ТАРТУ КҮШІНДЕГІ ЖҮРІС ҚОРЫ

115 КМ-ГЕ ДЕЙІН

WLTP циклінде. Шынайы пайдалану жағдайларындағы күтілетін жүріс қоры — 96 км-ге дейін.

CO2 шығарындысы,2 ШЫҒАРЫНДЫЛАР

15 г/км*

Электржетекпен жүрген кезде шығарындылар жоқ.

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ЗАРЯДТАУ УАҚЫТЫ

<60МИНУТ**

Тұрақты токпен тез зарядтау көмегімен зарядты 80 %-ға дейін бір сағатқа жетпей қайта толтыру.

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЗАРЯДТАУ УАҚЫТЫ

5 САҒ**

Үйдегі 7 кВт қуаты бар айнымалы ток зарядтау құрылғысының көмегімен 100 %-ға дейін.

СПОРТТЫҚ СӘН-САЛТАНАТ

БЕЛСЕНДІ ШУ БАСУ

Сапардан толыққанды ләззат алыңыз. Белсенді шу басу жүйесінің жаңа буыны опция ретіндегі Meridian жүйесінің құрамына кіретін озық аудиотехнологиялар кешенінің көмегімен кез келген қажетсіз шуылдарды жояды.ТМ Meridian Signature аудиожүйесі*.
КОНФИГУРАТОР

ТҮСІНУГЕ ОҢАЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

AMAZON ALEXA

Алексадан3 музыка қосуын, қоңырау соғуын немесе «ақылды» үй құрылғысын тексеруін сұраңыз — осының бәрін жолдан алаңдамастан орындаңыз. Тіпті Land Rover Remote қолданбасының көмегімен жайлы үй жағдайында отырып та өз Range Rover Sport-ыңызбен өзара іс-әрекет жүргізе аласыз.
АРТҚЫ ОРЫНДЫҚТАРДАҒЫ ЖОЛАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЛЬТИМЕДИА ЖҮЙЕСІ

АРТҚЫ ОРЫНДЫҚТАРДАҒЫ ЖОЛАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЛЬТИМЕДИА ЖҮЙЕСІ

Сапар кезінде іштері пыспауы үшін жолаушылар өздерінің сүйікті хабарларын көре немесе ойын консолін жалғай алады. Айқындығы жоғары 11,4 дюймдік екі дисплей экранды қайталау және HDMI арқылы құрылғыларды жалғау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
ҚОСЫМША ЖАЙЛЫЛЫҚ ҮШІН ҚОСЫЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ

ҚОСЫМША ЖАЙЛЫЛЫҚ ҮШІН ҚОСЫЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Online опциялар пакеті автокөліктің қоршаған әлеммен үздіксіз байланысын және кіріктірілген қолданбаларға, соның ішінде Amazon Alexa және Spotify қолданбаларына кіруге мүмкіндік береді. Бағдарламалық құралдың сымсыз жаңартылуының (SOTA) арқасында автокөлігіңізде әрдайым бағдарламалардың ең заманауи нұсқалары орнатылған болады.
СЫМСЫЗ ЗАРЯДТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ

СЫМСЫЗ ЗАРЯДТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ

Сымсыз зарядтау құрылғысы үйлесетін смартфондарды зарядтап, салондағы сымдар санын азайтуға себепші.
ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ

ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ

Автокөлік басқаруды және тұраққа тұру үдерісін жеңілірек ету үшін әзірленген опциялардың бүтін бір спектрінен таңдаңыз. Көлік тізгініндегі әсерлеріңіз бұрынғыдан да айқынырақ болуы үшін сізге көптеген инновациялық технологиялар қолжетімді.

ЦИФРЛЫҚ ЖАРЫҚДИОДТЫ БАСТЫ ЖАРЫҚ ФАРАЛАРЫ

Күндізгі жүріс жарықтарының жиектемесі бар цифрлық жарықдиодты басты жарық фаралары түнгі уақытта 500 м-ге дейінгі қашықтықта жақсартылған көру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Әрбір фарада 1,3 миллион цифрлық микроайна орналасқан, ал бейімделетін жарық жүйесі жол ландшафтына алдын ала бейімделу үшін навигация деректерін қолданады.
КОНФИГУРАТОР

ЕРЕКШЕ МҮМКІНДІКТЕР

TERRAIN RESPONSE ЖОЛ ЖАҒДАЙЛАРЫНА БЕЙІМДЕЛУ ЖҮЙЕСІ

Terrain Response 2 жол жағдайларына бейімделу жүйесінің сегіз жұмыс режимі қозғалтқыштың, беріліс қорабының, дифференциалдардың және шассидің нақты жағдайларға сай жауап қату баптауларын ауыстырып қосады. Реттелетін жүйе жүргізушіге барлық баптауларды өз қалауларына сәйкес белгілеуге мүмкіндік береді.
ЖОЛСЫЗ ЖЕРГЕ АРНАЛҒАН КРУИЗ-КОНТРОЛЬ

ЖОЛСЫЗ ЖЕРГЕ АРНАЛҒАН КРУИЗ-КОНТРОЛЬ

Күрделі жол жағдайларында, мысалы, батпақты жермен, су шөптің, мұздың, қардың үстімен немесе су шайып кеткен жолдармен жүрген кезде біркелкі қозғалыс жылдамдығын белгілеңіз және ұстап отырыңыз. Әлемдегі алғашқы жолсыз жерге арналған бейімделетін круиз-контроль ландшафтты анықтайды, сізге қажетті жайлылық деңгейіне нұқсан келтірместен оңтайлы басқару мүмкіндігіне арналған жылдамдықты автоматты түрде бақылайды.
СУ КЕДЕРГІСІНЕН ӨТУ

СУ КЕДЕРГІСІНЕН ӨТУ

Range Rover Sport тереңдігі 900 мм-ге дейінгі су өткелінен өтуге қабілетті**. Wade Sensing сулы кедергінің тереңдігін өлшеу датчиктерімен жабдықталған 3D айнала шолу камералары жүйесі су деңгейі максималды рұқсат етілген мәнге жақындаған кезде сізге ескертеді. Басқару жүйесі көру мүмкіндігі нашар жағдайларда сіздің хабардар болуыңызды жақсарту үшін нақты уақыт режимінде ақпарат беріп отырады.

АУҚЫМДЫ ДЕРБЕСТЕНДІРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жинақтамасын, қозғалтқышын және опциялар пакеттерін таңдап алып, өзіңіздің мінсіз Range Rover Sport-ыңызды құрастырып алыңыз.

SV EDITION ONE

ДЕРБЕСТЕНДІРУ НЕМЕСЕ ДАЙЫН ШЕШІМ

Түсін, дөңгелек дискілерін және интерьерді әрлеу нұсқаларын таңдау арқылы автокөлікті дербестендірмес бұрын жинақтаманы, қозғалтқыш пен опциялар пакетін таңдаңыз.

АРНАЙЫ СІЗ ҮШІН

Жабдықтау топтамалары мен аксессуарлардың алуан түрлі таңдауы. Түстердің, дөңгелек дискілерінің және төбеге арналған аксессуарлардың ауқымды таңдауы. Бұл сіздің Range Rover Sport-ыңыз деп айтқан кезде біз өз сөздерімізге сенімдіміз.

*View WLTP figures.
The figures provided are as a result of official manufacturer’s tests in accordance with EU legislation with a fully charged battery. For comparison purposes only. Real-world figures may differ. CO2, fuel economy, energy consumption and range figures may vary according to factors such as driving styles, environmental conditions, load, wheel fitment, accessories fitted, actual route and battery condition. Range figures are based upon production vehicle over a standardised route.

**Charging times will vary dependent on many factors, including: the age, condition, temperature and existing charge of the battery; facility used and duration of charge.

*Fitted as Standard on Range Rover Sport SV EDITION ONE **Always check route and exit before wading.

1Not available on plug-in electric hybrid. 2Texcell research, 2020 carried out for and result supplied by Panasonic. 3Amazon Alexa and Land Rover Remote skills applicable in specific Markets only. 4Image is not live. Check surroundings for safety.

Optional features and their availability may differ by vehicle specification (model and powertrain) and market, or require the installation of other features in order to be fitted. Please contact your local Retailer for more details, or configure your vehicle online.

In-car features should be used by drivers only when safe to do so. Drivers must ensure they are in full control of the vehicle at all times.

Pivi and InControl features, options, third-party services and their availability remain market dependent – check with your Land Rover Retailer for local market availability and full terms. Certain features require an appropriate SIM with a suitable data contract which will require further subscription after the initial term advised by your Retailer. Mobile network connectivity cannot be guaranteed in all locations. Information and images displayed in relation to the InControl technology, including screens or sequences, are subject to software updates, version control and other system/visual changes depending on options selected.​ Amazon, Alexa and all related logos are trademarks of Amazon.com, Inc. or its affiliates. Certain Alexa functionality is dependent on smart home technology. Use of Amazon Alexa requires an Amazon account.

Apple CarPlay® is a Trademark of Apple Inc. Apple Inc end-user terms may apply. Android AutoTM is a Trademark of Google LLC. App Store is a trademark of Apple Inc. Google Play Store is a trademark of Google LLC. MeridianTM is a registered trademark of Meridian Audio Ltd. TrifieldTM and the “three fields” device is a trademark of Trifield Productions Ltd.


When fitted with Carbon Ceramic Braking System and Carbon Fibre wheels

Шынайы пайдалану жағдайларындағы электрлі тарту күшімен күтілетін жүріс қоры — км-ге дейін.
800 Н·м ІЖҚ гибридті және Dynamic Launch Mode жүйесі бар жұмсақ гибридті (MHEV) жұмыс режимінде 
Тежеу жүйесі Carbon Ceramic Matrix жүйесімен және көмірпластикті әрлемесі бар дөңгелек дискілерімен жабдықталған жағдайда
Стандартты клиренс, мм
Отыру биіктігін автоматты түрде таңдау функциясы болған жағдайда мән келесі шамаға кемиді
Бұл көрсеткіштер SV модельдерінде әртүрлі болуы мүмкін.

03.03.2023 жылғы ахуалға сәйкес сыныптағы ең жақын бәсекелеспен салыстырғанда.
2019 жылдан 2022 жылға дейін Discovery Sport моделі үшін әлем бойынша 30 елде жинақталған InControl жүйесінің деректеріне негізделіп есептелген орташа күндік жүрілетін жол (51 км). Батарея толық зарядталған болған жағдайда.